Вопрос

2023-03-10 12:36:00
Аманбаев Нұржан Бақадірұлы

Мен толығырақ жазып өтсем осы айдың 03.03.2023. Белгісіз бір ер адам(ұлты орыс) менің жұмыс орныма келіп(өзім құрылыс жұмыстарымен айналысамын) физио апарат(массажный) сатып алуға үндеу жасап жарнама жасайды бағасын акциямен 48-мыңның затын 23-мыңға сатып жатырмыз және қосымша сыйлықтары бар деп қызықтырады. Және мен ол затты сатып аламын. Сатып аларда сұраймын сіздерде кері қайтаруға және ауыстырып беруге өтініш айтуға боладыма деп( егер товар көңілімнен шықпаса)-деген ойда. Олар иә 1-жылға дейін сізге қызмет көрсетуге дайынбыз деп өзінің ұялы телефон номерін қалдырады. Мен затты 23-теңгеге сатып алып сыйлықтарымен қоса алып қаламында жұиысыма кірісемін,жұмыстан кейін үйге барып интернеттен ақтарып қарасам ол зат каспий магазинде 2800тг шамасында сатылымда тұрады,және сыйлықтары алдын қолданыста болғанын аңғарамын тексеріс барысында,және алданғагымды түсінемін сол күні ақ кешкі уақытта заттарын қайтаратынымды айтып хабарласамын, себебін толық түсіндіремін,ол кісі жарайды қайтарып алып менің ақшамды қайтаруға келіседі,сол күннен бері ертең,кешке,әні-міні деп созып келеді. Ол кісіге төлем жасаған каспидің перевод чегі мен сөйлнскен смс перепискаларымыз сақтаулы.Не істесем болады? Кездесуге ұсыныс жасадым,офистерінің адресін сұрадым бермейді,менеджер деп бір кісінің номерін берген ол кісінің де айтар жауабы уақытты созудан аспай тұр. Кеше мен оларға егер қайтармасаңыздар мен құзырлы органдарға жүгінемін дегенмін,(хорошо) деген жауап алдым.

Ответ

2023-03-27 15:06:40

Cіздің сатушымен арада болған сауданың құны заттың қасиетіне сай келмейтінін айтып отырсыз. Сәйкесінше, тауардың бағасына наразылық тудырып сатушымен байланысқа шыққаныңызда белгілі. Бірақ, сатушыдан тек кездесуді кейінге қалдыру мен кешіктіру жайғадйын аңғаруға болады.

Демек, бізге біріші кезекте ҚР «Тұтынушылардың Құқықтарын қорғау туралы» заңының 10-бабының екінші тармағына сәйкес  -  Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру: тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін алға тартуға болады. Тиісінше осы заңның 14-бабының 1 тармағына сәйкес – « сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы».

Екінші кезекте, тауарды кері қайтару әрекетіне байланысты «Тұтынушылылардың құқығын қорғау» туралы заңының 42-4 бабының 1-тармағына сәйкес – «Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі». Осыған сәйкес сатушы осы заңның 42-4 бабының 2-тармағына сәйкес -  Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.

Сіз осы амалдарды қолдану арқылы әрекет жасай аласыз. Егер сатушыдан қанағаттандырарлық жауап алмаған жағдайда аталған заңның 42-4 бабының 3-тармағына сәйкес -  Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы екенін алға тартуға болады.

Тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну барысы аталған заңның 42-5 бабының 1-тармағына сәйкес - Тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда өтініш беру жолымен не Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтінішпен не шағыммен жүгінуге құқылы. Осы әрекеттерді жасай отырып 42-5 баптың негізінде -  өтініште байланыс деректері (телефон, факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де мәліметтер), сондай-ақ тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) және сатушының (дайындаушының, орындаушының) әрекеттерін фото-, аудио-, бейнетіркеуді қоса алғанда, өтініш дұрыс және уақтылы қаралуы үшін қажетті, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығын растайтын материалдар көрсетілуі мүмкін.

Сіз көрсетілген негіздерді алға тарта отырып өз құқықтарыңызды заң жүзінде қорғауға мүдделі бола аласыз.

Сонымен қатар, сіз құқық қорғау органдарына Қылмыстық Кодекстің 190-бабын негізге ала отырып, арыз жаза аласыз. Сатушы тұлғалар сізге тауар туралы көрінеу жалған ақпарат ұсынып, оның бағасын асыра көтеріп, жаңылыстырды. Арыз жазу кезінде сатушы тұлғалар туралы барлық білетін ақпаратты, телефон нөмірін және дәлелдемелерді ұсыныңыз. 

 

Құрметпен, Нархоз университеті, Құқықтану ББ сарапшылары