Вопрос

2022-02-05 11:52:00
сайран базарбай

меның басымда аз болмаған қінщылық бар, банықте 3 мылйонға жүық кыредйтым бар, үйде бес жанбыз 3қызым айелым балалар жас, қыс басталғалы жүмыссыз қалдім үйде аз болмаған ауіртбалықтар болып жатыр ұкыметтен комек керек? сайран базарбай үлы тел: 87476667518

Ответ

2022-02-14 12:08:21

Жауап: Саламатсыз ба Сайран Базарбай. Өтініш үшін рахмет, біз сізге тек ақпаратпен көмектесе аламыз. Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің халықтың борыштық жүктемесін жеңілдету үшін қабылдаған шаралары 2019 жылы бір рет қолданылған болатын. Сондықтан бар несиені төлеуге тура келеді. Сіз банкпен байланысып, қызметкерлерге жағдайдың күрделілігін түсіндіре аласыз. Сізге несиені қайта қаржыландыру, яғни сол соманы ұзақ, бірақ аз мөлшерде төлеу мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін.

Егер қарыз алушы несие бойынша міндеттемелерді орындай алмаса, бірінші кезекте шарттық қатынастар жасалған несие ұйымына ресми өтініш жазу керек. Мұны кешіктірілген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей, тіпті одан да бұрын өзіңіз өтініш жасауыңыз  керек. Өтініште міндеттемелердің орындалмау себебін көрсету керек  және шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын ұсыну қажет. Мысалы:

* сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі;

* қарыз валютасын өзгерту;

* негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;

* берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту;

* шарттың қолданылу мерзімін өзгерту;

* мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын жою.

Кіріс нөмірі бар өтініштің көшірмесін міндетті түрде алыңыз. Осыдан кейін қаржы ұйымы 15 күн ішінде қарыз алушының ұсыныстарын қарап, жазбаша түрде жауап беру керек. Несие беруші сіздің ұсыныстарыңызбен келісе алады, балама нұсқаларды қарастыра алады немесе бас тарта алады.

Айта кетейік, 2021 жылдың мамыр айынан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілді, оның аясында банктер немесе микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қайта құрылымдауды жүргізу кезінде қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, кірістерінің төмендеуі, кепілдік тұрғын үйдің бірегейлігі, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторларды ескеруге міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес:

Кепілсіз тұтыну кредит бойынша қарыздарды кешірілетін тұлғалар:

Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердегі жəне микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша мынадай жағдайларда ғана кешірілді:

1)    аталған қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар,

2)     асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын от басылар,

3)     мүгедек балалары бар,

4)     18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,

5)    атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар,

6)    жетім балалар,

7)    ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.