Салеметсизбе мен ажрасканыма 8жыл болды куйеуим шет ел азаматы занды некеде болмадык алиментов алалмай отырмын жалгызбасты анамын жардемакы да алалмай отырмын не истесем болады
Саламатсыз ба Тоханова С. Сіз өзіңіздің сұрағыңызда заңды некеде тұрмадық деп көрсеткенсіз, онда бала кімнің атында? Әкелікті таныған ба? Яғни, ол кісі өз баласы екенін мойындаған ба? Осы туралы толық мәлімет берсеніз.
Егер әкелікті танымаса, сотқа әкелікті тану туралы талап арыз жазу керек. Сот арқылы днк сараптамасы жүргізілу керек, баласы екені анықталса, заңды некеге тұрмаганыңызга карамастан алимент өндіріп алуға болады. Және алимент өндіріп алу кай кезде берілді, сол кезден бастап өндіріп алуға болады.
Жәрдемақыга катысты әкімшілікке балаңыздың туу туралы куәлігін, өзініңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты алып барып жалғызбасты ана ретінде тіркелип, әлеуметтік көмек алуға кұқыңыз бар, тіпті жалғыз басты ана ретінде Отбасы банкі аркылы жеңілдетілген тәртіппен үй кезегіне де тұра аласыз.