Cәлеметсіз бе? Мен бірнеше жылдан бері банктерден кредит алып, уақытында төлеп отырдым, өткен айда кредитімді қайта қаржыландыруға барсам, сізге берілмейді дейді. Мен ешқашан алған кредитімді тоқтатып көрген емеспін. Сенбесеңіздер көп сомада алған кредиттерді тексеріп көруге болады. Микрокредит дегенді алып көрмедім. Бірақ, менің атымнан біреу алған. Оны мен біліп қойған соң, ата - аналары кредитті жауып тастады. Бірақ мен қай банктен кредит алғандарын да білмеймін. Банктерге осы жөнінде айтып едім, олар маған информбюро сайтына жазыңыз деді. Сіздерден сұрайтыным, мені қара тізімнен шығарып беріңіздерші. Мен қайта қаржыландыру арқылы кредит алуым керек. Өзім ұстазбын.
Сәлеметсіз бе Сара! Қойған сұрағыңыз үшін рақмет! Өтініш үшін де рақмет, біз Сізге тек ақпаратпен көмектесе аламыз.
Қара тізімнен шығудың төменде көрсетілген орындалу шарттары:
Сіз барлық кредиттер,банктік қарыздар,микрокредиттер толығымен жабылуы тиіс.
Кредит жапқан соң, 12 ай уақыт өту керек.
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 19 қаулысына сәйкес: Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылатын кредиттік есепті кредиттік бюро Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі болғанда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.
Кредиттік бюро кредиттік есепте кредитке "оңалтылған" мәртебесін көрсетуді қамтамасыз етеді, ол күнтізбелік тоқсан күн ішінде мерзімі өткен берешегі бар (рұқсат етілген) кредитке мынадай жағдайларда беріледі:
1) кредит бойынша берешекті өтегеннен кейін күнтізбелік он екі ай өткеннен кейін;
2) кредиттік тарих субъектісі қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне берешек сомасының елу пайызынан астамын төледі және қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде кредитті қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге мерзімін кешіктіруге жол бермеді;
3) мерзімі тоқсан күнтізбелік күннен асып кеткен берешекті өтегеннен кейін, кредиттік тарих субъектісі қатарынан соңғы он екі күнтізбелік айдың ішінде күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімге мерзімін кешіктіруге жол бермеді.
Кредитке "оңалтылған" мәртебесін берген кезде кредиттік бюро кредит есебінде кредит бойынша мерзімі кешіктірілген күндер саны туралы мынадай ақпараттың болуын қамтамасыз етеді:
1) кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру кезінде – кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін туындаған мерзімі өткен күндердің саны;
2) өзге жағдайларда – нөль мөлшерінде.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кредит деп банктік қарыздар мен микрокредиттер түсініледі.".
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Ал егер өзініздің кредиттік тарихыңыз туралы ақпарат алғыңыз келсе «Бірінші кредиттік бюро» (БКБ) ЖШС – гінен жылына 1 рет ақысыз түрде өтініш жазып, несиелік ақпарат ала аласыз.