Сәлеметсіз бе? Коллектор компаниясының үстінен арыз түсіргім келеді. Менімен дөрекі сөйлескені үшін. Қайда арыз жазамын?
Сәлеметсіз бе! Ұлттық банкке коллектордың әрекетіне қатысты арыз-шағым жібере аласыз.
Ал коллектор сіз туралы, туысыңыз туралы ақпаратты көпшілікке жария етсе, 300 айлық есептік көрсеткіш (2017 жылға белгіленген АЕК – 2269 теңге), яғни 680 мың теңге әкімшілік айыппұл төлейді.
Ал егер қылмыстық әрекеттердің белгілері болса, 2000 АЕК, яғни 4,5 млн теңге айыппұл төлеуі немесе 2,5 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.