Саламатсыз ба Менің есімім Андабаева Марина Мен күміс алқа Көп балалы анамын Басымда баспанам жоқ алатын жалақым 73000 мыңақ алты балама аламын Жолдасымның айлығы 70000 мың Балаларымды оқытамын деп кредит алған едім содан бері жыл сайын кредит алып келгенмін енді кредит төлейтін ақшам жетпей төлейей алмай отырмын басымда бес кредитім бар ар қайсысына 50000 мыңнан төлеймін йлығым да балдарымның ақшасыда жетпейді айлық алатында пасобия алатын шотым біреуақ енді төлейалмағансон шоттарымды бұған тап тастағен еді сізден өтініп сұраймын маған көмек бере аласыз ба көмектесіп өкімет Мұқтаж жандар,Көп балалы отбасының кредиттерін кешіреді деп есті бедім кредитімді жауып бералама бералса оған қандай құжаттар керек қайда барамын қандай құжаттар керек еді айтып жібересіз бе өтініш бала шаға үшін Оразаның кезінде маған бір рахымшылык етесіз өтініш Алла разы болсын
Өкінішке орай, көпбалалы ана болғаны үшін несие кешіру қарастырылмаған.
2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушы мәселесін реттеуінің бірыңғай құқықтық режимін енгізу бөлігінде банктер және банк қызметі, сондай-ақ микроқаржы қызметі туралы заңдарға өзгерістер күшіне енді, яғни Сіз тікелей несие берушімен шеше аласыз.
Заңға енгізілген өзгерістер негізінде несие алған банкіңізге өтініш беріңіз, өтініш қарастырылғаннан кейін төмендегі жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.
· сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
· кейінге қалдырылған төлем;
· өтеу тәсілін өзгерту;
· несие мерзімін ұзарту;
· борыштық жүктемені азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және төлемдер мен комиссиялардың басқа да түрлері);
· ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату немесе несие берушіге кепілді беру арқылы өтемақы ұсыну;
· сатып алушыға міндеттемелерді беру арқылы жылжымайтын мүлікті сату.
Шарт талаптарына өзгерістер банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде енгізіледі.