АссаламуАлейкум калайсыз Сиздерге отинишим бар еди менин басымда 19 000 000 милон кредит бар еди соны калай ешип каламыз или кайда барып жугинсек болады екен
Саламатсыз ба Нұрғали Серікбайұлы! Сіздің алған 19 000 000 млн кредитіңізді ешкім кешірмейді. Сондықтан ешқайда шағымданудың қажеті жоқ. Сіз кредит алған банкке барып, қайта қаржыландыру (рефинансирование) жасап көріңіз. Қайта қаржыландыру дегеніміз – банкке қарызды өтеу үшін жаңа несие алу. Мұны өзіңіз несие алып отырған банкте де жүзеге асыра аласыз. Алайда банктер әрдайым мұндайға бармай, кейде өтінішіңізден бас тартуы мүмкін. Сол себепті көп жағдайда қайта қаржыландыру қызметін алу үшін басқа банктің көмегіне жүгінген жөн. Назарларыңызға қайта қаржыландыруды ұтымды жүзеге асыруға көмектесетін кеңестер ұсынамыз.
Қайта несиелеу ай сайынғы төлемді немесе несие мерзімін азайту үшін жасалады. Мұны несиелер арзандаған кезде жасаудың пайдасы мол. Егер қандай да бір несиеңіз болса, онда оны қайта есептетіп, қайта қаржыландыру қажет-қажет еместігін анықтаңыз. Егер несие сомасы үлкен болса, әсіресе, ипотека кезінде бұл бюджетіңізге деген ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетеді. Егер мұның алдындағы несиелеріңізді кешіктіріп төлеп, осы үшін айыппұл төлеген болсаңыз, банк несиеңізді қайта қаржыландырмайды.