Вопрос

2022-09-18 17:33:00
Қапас Гүлнұр

Сәлеметсіз бе Мен Қапас Гүлнұр Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансугуров ауылының тұрғынымын Мен Қапас Гүлнұр көп балалы ана ретінде зейнеткерлікке шығуыма байланысты мәселелер туындап отыр .Үкімет бізге 5 баламен 2000 (2мың)теңге пенсия тағайындап отыр.Бұл қай заң жүйесі аясында іске асып отыр.Қазіргі таңда бармаған жеріміз жоқ сіздерден бір жауап болады деп жазып отырмын.Өтінішімді ескеріп қарап берсеңіз. Байланыс телефонымыз 87009819418 87029064308 +7 (708) 655-51-99 Қапас Гүлнұр. 680914402458

Ответ

2022-10-03 12:50:42

Сәлеметсіз бе ?!  Гүлнұр ханым.  2013 ж. 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп баланы туған (асырап алған, асырап алған) және сегіз жасқа толғанға дейін асырап алған әйелдер 53 жасқа толған кезде зейнеткерлік жасқа ие болады, – делінген.

53 жасқа зейнетақыға шыққан кезде сіз тек бірғана зейнетақы түріне ие боласыз. Яғни Ынтымақты зейнетақы. Егер СІз 2022 жылы шығатын болсаңыз Сіздің 1998 ж. Дейінгі еңбек өтіліміңіз, БЖЗҚ (ЕНПФ), төленген МЗЖ (ОПВ) суммасы үш жылдық, ал 2022ж. Ол 526 608 тг.кем болмауы тиіс. Сол кезде сіздің зейнетақы суммаңыз жақсы шығады. Егер 63 жасқа дейін аталған заңдардағы талаптарды орындасаңыз, онда 63 жастан бастап Базалық зейнетақыны ала аласыз. Ол үшін міндетті түрде зейнетақы аударымдарын ары қарай төлей беруіңіз керек.

 1) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған 6 жылдан кем емес еңбек өтілі болған кезде республикалық бюджет есебінен төленетін ынтымақты зейнетақы;

2) қызметкерлердің зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төленетін төлемдер.

Жасына байланысты ынтымақты зейнетақыны тағайындау кезінде тек 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады, өйткені осы күннен бастап барлық жұмыс істейтін адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуын көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу басталды.

1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы жинақтарын ескере отырып, БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады.

Заңға сәйкес жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан кез-келген қатарынан 3 жыл үшін орташа айлық табысиы ескере отырып, жүзеге асырылады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін орташа айлық табыс мөлшері БЖЗҚ-на міндетті 10 пайыздық зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

Заңмен ынтымақты зейнетақыны (жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін, 46-айлық есептік көрсеткіш шегінде есепке алынады) есептеу үшін алынатын орташа айлық табыстың (ОАТ) шекті мөлшері, сондай-ақ зейнетақы төлемінің ең жоғарғы мөлшерін шектеу (ОАТ-ның 75 %-ы) көзделген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға оза отырып жыл сайын индекстеледі.

Егер сізде мүмкіндік болса, үйде отырып өзіңіз төмендегі қызмет түрін пайдалану арқылы яғни зейнетақы калькуляторы арқылы өз зейнетақыңызды есептей аласыз.

Салымшылар үшін зейнетақы калькуляторында жаңа функциялар пайда болды.

Біріншіден, зейнетақы калькуляторы жинақтарды алу жоспарланған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы өздігінен тетіктерді таңдай алады.