Саламатсызба, бір жылда 2 рет еңбек сауықтыру ақысы төленетін еңбек демалысына шыға аламынба? (мысалы 2021-2022 жылдык енбек демалысын 30 күндік енбек демалысын алдым дерик, енді 2022 - 2023 жылдык еңбек демалысын 30 кун еңбек сауықтыруымен ала аламынба?)
Сәлеметсізбе, Светлана Шамаева! Сіздің “бір жылда екі рет еңбек сауықтыру ақысы төленетін еңбек демалысына шыға аламынба” деген сұрағыңызға заңи тұрғыда жауап беретін болсам, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді. Яғни, бір жылда екі рет ақылы еңбек демалысына шығу заңмен қарастырылмаған.