Сәлеметсіз бе. Мен жаңадан салынып жатқан үйден үй алған едім сол жерде келісім шартта квадрат метрі 3% асып кетсе немесе жетпейқалса төлеген тенгесін қайтарамыз деп келісім шарт жасағанбыз, алайда бізге келісім шартымызда 58,09 кв.м. ал бізге 56,3 беріп отыр осы жерде бізге 3%-тен асып кеткенін кәне төлейміз деп отыр. Алдын ала рахмет кеңес бергеніңізге.
Сәлеметсіз бе құрметті Архат Муратович, 7 сәуір 2016 жылы қабылданған «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрінің 2016 жылығы 28 шілдедегі
№ 345 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгілік шарт» ережесіне сәйкес, құрылыс компаниясы сізге жетпей қалған, яғни 1,79 кв.м. үшін оның құнын төлеуге міндетті болып табылмайды. Себебі, шарт ережесіне сәйкес, жетпей қалған кв.м. айырмасының көлемі 3% асып тұрған жоқ. Бұл мәселені жете қарастырып, объективті тұрғыдан саралау үшін сіздің құрылыс компаниясымен жасасқан шартыңыздың мазмұнымен танысу қажет болады.
Құрметпен, Нархоз университеті Құқықтану ББ сарапшылары