Вопрос

2023-01-06 01:55:00
Мұқашева Күнсұлу Табынбайқызы

Енем: 1940ж дүниеге келген Қуанышбайева Дузим Қарабасовна2009жылы "Батыр ана" яғни алтын және күміс алқасымен Ақтөбе қалалық үй кезегіне тұрған болатын,бірақ әлі жылжитын емес.Кімге шағымдануға болады?

Ответ

2023-02-13 11:31:54

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi заңының 68 бабы бойынша "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатады.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

2021 жылдан бастап тұрғын үйге кезекке қою қызметі электрондық форматта көрсетіле бастады. Егер сіздің кезегіңіз қозғалмаса немесе сіз кезекте тұрғандар тізімінен шығарылсаңыз немесе басқа да тұрғын үй құқықтары бұзылса, онда сіз мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шағым бере аласыз. Шағымда сіз қай органға шағымданғаныңызды көрсетуіңіз керек: тұрғын үй басқармасы немесе әкімдік. Сондай-ақ, шағым жіберілген лауазымды адамды көрсету, өтінішті сипаттау, кезекте тұрғандығыңыз туралы дәлелдемелерді, кезектегі нөмеріңізді растайтын құжаттарды көрсету қажет.

Шағымды eotinish.kz порталы арқылы беруге болады. Ол үшін электронды қолтаңба болуы керек. Егер сіз жеке кабинетке келіп түсетін жауапқа риза болмасаңыз, онда осы порталда шағымдануға немесе сотқа беруге мүмкіндігіңіз бар.

 

Құрметпен, Нархоз университеті Құқықтану ББ сарапшылары