Вопрос

2023-01-11 15:00:00
Тойшибекова Ақнұр Кенжебекқызы

Осыдан 2-3ай бұрын кридить алып едім микро зайымдардан ол кезде жұмыс істеп жүргем күйеуімнің қарыздары болды ол өзінің қарыздарын жауып жүрді одан кейін аяғым ауыр болғандықтан жұмыстан шығып кеттім күйеуімнің ақшасы қарыз өтеумен болып жатыр кредитті төлей алмай жатырмыз өзім студенпін бұған қандай шара болады

Ответ

2023-02-13 11:33:40

Сәлеметсіз бе?! Тойшибекова Ақнұр Кенжебекқызы akotoishybekova@gmail.com

Сіздің жолдаған сауалнамаңыз бойынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, 2021 ж берешегі бар қазақстандықтарға кредитті қайта құрылымдау мәселесін тікелей кредитормен шешу мүмкіндігі берілді. Яғни 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қарыз алған жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі енгізілді. Осы режимге сәйкес, банк немесе микроқаржы ұйымы қарыз алушыны кредит төлеу мерзімін өткізіп алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті.

Айта кетері, кредитті қайта құрылымдау дегеніміз — клиенттің қалтасына салмақ түсірмеу үшін қолданыстағы келісімшарттың талаптарын өзгерту (несие мерзімін, сыйақысын, валютасын өзгерту және тағы басқа).

Ол үшін банкке қарыз болған күннен бастап 30 күн  ішінде әлгі қаржы ұйымына өтініш жазу керек. Өтініште кредитті неге уақытында төлей алмағанын түсіндіріп, келісімшарт шарттарын өзгертуге қатысты ұсыныстарын беруі қажет.

·         Кредитті төлеуді жеңілдететін ұсыныстар:

·         сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

·         несие валютасын ауыстыру;

·         негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;

·         берешекті өтеу әдісін өзгерту;

·         келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту;

·         мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастау.

Банк өтінішті тіркеп, 15 күн ішінде қарап, жазбаша түрде жауап беруге тиіс. Кредиттік ұйым сіздің ұсыныстарыңызбен келісуі де, келіспеуі де мүмкін немесе өз жолдарын ұсынады.

Заң бойынша банктер немесе микроқаржы ұйымдары кредитті қайта құрылымдау кезінде қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, табысының төмендеуі, кепілдегі жалғыз баспанасы, несие бойынша міндеттемелерін адал орындауы сияқты факторларды ескеруге міндетті.

Егер ипотекасы бар қарыз алушы кредитті қайта құрылымдау бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, онда ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады. Бұл кезеңде кредитор халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына жататын борышкердің кепілдегі мүлкін өндіріп алу процедурасын бастай алмайды.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000056

Негізгі сұраққа келетін болсақ, ҚР Микроқаржылық қызмет туралы заңының 4-бабына сәйкес, микрокредит нысанасын қоспағанда, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша бүкіл төлемдері, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қоса алғанда, жиынтығында микрокредит беру туралы шарт қолданылатын бүкіл кезеңде берілген микрокредит сомасынан аспауға тиіс. Заңның осы талабы бұзылған жағдайда артық төленген сома сот арқылы өндіріліп алынады. Мысал ретінде, 10 000 теңгені 25% сыйақымен 30 күнге алғанда, 30 күннен соң микроқаржы алған адам 12 500 теңге қайтаруға тиіс. Уақытылы қайтармағанда, күніне туындаған қарыз міндеттемеге 0,5%-дан аспайтын тұрақсыздық айыбы (неустойка) қосылып отырады. Бірақ осы алынған микроқаржы 10 000 теңге болса, қайтарылатын сома 20 000 теңгеден аспауы керек.

 

Құрметпен, Нархоз университеті Құқықтану ББ сарапшылары