Вопрос

2023-06-30 12:20:00
Тайыров Қуанышбек Алпамысұлы

Саламатсызба Əйелім жүкті 28 аптаға əрең жетті то қан кетті то угроза бүйректі ауырад Қазір енді сы кетіп жатыр Біз гонекологтан декрет шығуға қағаз сұрасақ берми жатыр 30аптаға жеткен жоқ деп Ана мен баланың жағдайына байланысты ананың жұмысқа жарамсыз болуына байлысты 28 аптада декретке шығуға болама ?

Ответ

2023-07-10 14:54:25

1-вариант. Болады. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес егер оның жұбайы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын болса, жүктіліктің 27 аптасынан бастап босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күнге демалысқа шыға алады.

2-вариант. Болмайды, себебі жалпы тәртіп бойынша жүктіліктің 30 аптасы талап етіледі. Алайда емдеуші дәрігерден жүктілікке емес басқа ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ алып, жұмыстан уақытша босануына болады.

 

Бұл мәселеден шығудың тағы бір жолы – алдымен жүктілікке байланысты емес, 15 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шығуға өтініш жазу.