Вопрос

2022-01-27 15:33:00
Утешкалиев Куаныш Сабитович

Ассалаумағалейкум! Сурағы бар еді. 2014 жылы маған Административный ШТРАФ салған,сол Штраф пеньемен өсіп кеткен. Қазір ЗАН шыққан егер 5-6 жыл бұрың болған ШТРАФты,автоматический СПИСАТЬСЯ етіледі деп (ТӨЛЕНБЕЙДІ деп). Күшінің жойлу керек дейді. А қазір қайта қайта Судебный исполнитель счетті кілтеп сала береді,счетті ашу үшін 5000тг меннен сурады и мен төледім 5000тг. Енді қазір қайтып кілтеп салып тұр счеттарды төледеп ШТРАФты. Сол ШТРАФты қалай күшінең жойсам екен? 4,6 пунктер бойынша 1-жыл дейді,одан асып кетсе онда ШТРАФ төленбеу керек дейді. А маған 2014 жылы салынған уже 7 жылдан кетті. Осы сурағыма жауап берсеңіздер. Рақмет!

Ответ

2022-02-07 10:58:25

Әкімшілік айыппұл жазасының ескіру мерзімі жайлы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 62 бабына сәйкес реттеледі. Бұл баптың мазмұны әкімшілік құқықбұзушылық жасалған кезден бастап жауапкершілікке тартудың мерзімінің өтуіне қатысты бір жыл мерзім өтіп кеткен болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны жайлы айтылған. Ал, сіз әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сізге айыппұл салынды. Сіз бұл айыппұлды қолыңызға алған күннен бастап ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 897 бабына сәйкес: он күн ішінде ерікті түрде төлеуге тиіс едіңіз. Ал, ол уақытты өткізіп алғандықтан мәжбүрлі орындату үшін сот орындаушылары кіріскені заңды. Бірақ та олар мерзімнің өтіп кеткендігін, ескіріп кеткендігін есіне салыңыз. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 890 бабының бірінші тармағына сәйкес : «Егер әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойыншақаулы, айыппұл төлеу қажеттліг туралы нұсқама заңды күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде орындалмаса, ол орындауға жатпайды».  

Бір ескеретін жағдай мерзімнің үзілуі, немесе кейінге қалдырылуы бар ма? Соны анықтау керек. Сол сұрақпен Нархоз сарапшыларына хабарлассаңыз болады